Қарағанды облысында биыл 257 білім беру нысанына жөндеу жүргізілді. Оның 174-і мектеп ғимараты. Жөнделген мекемелер саны былтырмен салыстырғанда 2 есе көп. Сондай-ақ, екі және үш ауысымдық мектеп мәселесін шешу үшін жаңалары салынып жатыр. Биыл білім беру саласына бөлінген қаражат көлемі өскен. 2023 жылы 215 миллиард теңге болса, биыл 25 миллард теңгеге артық.