Ерекше балалардың ата-аналары Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесті. Басты мақсат - мүгедек балаларға білім беру, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, мәдени демалыс және спортпен шұғылдану мәселелерінің шешімін табу. Талқылауға облыстық басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.