Биыл Қарағанды облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 41 ауылдық елді - мекен қамтылды. Жолдар жөнделіп, су құбырлары мен әлеуметтік нысандар салынды. 2025 жылға 31 ауыл мен кентте жаңғырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Өңір басшысының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте медицина тапшылығын қысқарту жөнінде жоспарлар мен кадрлық стратегия талқыланды.