Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмайтын қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында Теміртау қаласында қоғамды жаппай спортпен шұғылдануға бейімдеу қарқынды жүруде. Белгілі спортшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары гала-концертке қатысып, нашақорлықтан ада болуға шақырды.