Биыл елімізде жергілікті мәслихаттар 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Атаулы датаға орай Кеншілер мәдениет сарайында салтанатты іс-шара өтті. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға және өңірдің негізгі мәселелерін шешуге үлес қосқан халық қалаулылары марапатталды.