Қарағанды облысында экономиканың барлық саласы бойынша ілгерілеушілік бар. Биылғы 10 айда өңірдегі кәсіпорындар 3 триллион теңгенің өнімін өндірген. Өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда облыс экономикасына құйылған инвестиция 15 пайызға артқан. Жыл соңына дейін өңірде бірнеше мың адамды жұмыспен қамтитын 10 ірі жоба жүзеге асады. Өңірде кәсіпкерлік саласы, соның ішінде әлеуметтік бизнес жобалар қарқынды дамуда.