Жезқазғанда академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған Республикалық олимпиада басталды. Оған Қазақстанның он жеті облысынан және үш қаласынан 80-ге жуық жас ғалым қатысады. Олимпиаданы The Ulytau Educational Foundation қоғамдық қайырымдылық қоры және "Қазақмыс" корпорациясы Білім Министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.