Неге дін туралы ақпаратты интернеттен іздемеу керек? Жат ағымдардан сақтанудың жолдары қандай? «Мұны білу маңызды»деп аталатын акция барысында тұрғындар теологтардан толғандырған сауалдарына жауап алды. Қарағанды облыстық дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы мамандары ірі сауда үйлерінің бірінде жадынама парақшаларын таратты.