Алты шекті гитараны қазақша сөйлетіп, ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан белгілі әнші-композитор Сейіл Аяғанға арналған «Ән-аға» атты еске алу кеші өтті. Әншінің өнерін сағынған жұрт бұл күні Жаңа Майқұдық үйіне ағылды. Біздің түсірілім тобы да әсерлі кештің куәсі болып қайтты.