Неліктен медициналық ұйымдарда терапевттің жолдамасынсыз дәрігерге бару қиын? Ал Дамумедте жоспарлы скринингтерден өту туралы жалған ақпараттар бар. МӘМС жүйесі қаншалықты тиімді? Осы және басқа да мәселелер облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында көтерілді. Шараға Қоғамдық кеңестің мүшелері, медицина қызметкерлері мен "Қазақстанның Азаматтық альянсы" өкілдерінің және еліміздің басқа өңірлерінен келген қоғам қайраткерлері қатысты.