Қарағандыда «Арай» базарында бақылау-өткізу бекеті қойылды. Ол мал ұрлығының жолын кесу мақсатында құрылған. Айта кетейік, қыркүйек айының соңында облыс жолдарында 18 жылжымалы бекет орнатылған болатын. Өткен жылы да осындай әрекеттердің арқасында полицейлер соғымға сату мақсатында араб жылқысын ұрлап кеткен екі азаматты қолға түсірді.