Қарағанды облысында шағын және орта бизнесті қолдау үшін үш шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы басталды: екеуі Қарағандыда, біреуі Саранда құрылуда. Өңір өңдеу өнеркәсібінің көлемін белсенді түрде арттыруда, жыл басынан бері 2 триллион теңгеге жуық өнім шығарылды. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу туралы аппараттық кеңесте баяндалды.