Қарағанды облысында еліміздің бес өңірінен келген мәслихат депутаттары үшін тренинг өтті. Оны Президент істерін басқару жанындағы парламентаризм Институты парламентаризмді дамыту қорымен және Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігімен бірлесіп Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды.