Республикалық референдум қарсаңында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, ядролық физика саласындағы сарапшылар, АЭС салу жөніндегі республикалық Халық штабы Қарағанды өңіріне келіп, Теміртау қаласының тұрғындарымен кездесті. Сапардың басты міндеті- Президент Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және референдум өткізудің мән -маңызын жеткізу.