Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында жариялаған азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық модельдерге көшу басталды. Осы мақсатта құрылымдық экономикалық реформалар белгіленіп, еліміздің қуатты индустриялық негізін қалыптастыруға ерекше орын беріледі.