Қарағанды облысында биыл 51 мың тұрғынды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 5 айда жұмыспен қамту шараларымен 14 мың адам қамтылды. Оның ішінде 12 - мыңы жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова мәлімдеді.