Су айдындары тазаланды
«Таза Қазақстан» акциясы аясында су қоймалары тазартылды. Шалқаркөл және Семізбұғы Рудничное көлдерін қоқыстан арылтуға Белағаш орман өрт сөндіру станциясының қызметкерлері, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары ат салысты.