Қарағанды облысының мектептері жаппай бақылауға алынды. Оған елді аяғынан тік тұрғызған әлеуметтік желідегі жазба себеп болған. Желдей есіп, дүйім жұртқа жедел тараған ақпаратта белгісіз біреу өрімдей балалардың өмірін қиятын әрекетке барамын деп елді дүр сілкіндірді. Ол тіпті 700-ден астам адамның зардап шегетінін айтып, қан төгістің жоспарын бөлісіпті. Қазір өңірдегі мектептерде қауіпсіздік күшейген.