Республика күні қарсаңында Қарағандыда дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы ұйымдастырған конкурстың үздік жеңімпаз теологтары марапатталды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтауға елеулі үлес қосқан он маманға алғыс хаттар, ақшалай сертификаттар және естелік сыйлықтар табысталды.