Халқымыздың еркіндігі мен бостандығының кепілі болған ұлттық мерекені Нұра ауданы жұртшылығы да ерекше тойлады. «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты салтанатты шара аясында мәдени-патриоттық кеш өтіп, мемлекетіміздің дамуына айырықша үлес қосқан азаматтар марапатталды.