Биыл Қарағанды облысында 37 жаңа автобус маршруттарға шығады.Соңғы төрт жылда өңіріміздің тасымалдаушылары 400-ге жуық қоғамдық көлік сатып алған.Мұндай мәліметті баспасөз мәслихатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов мәлімдеді.