Синоптиктер осы аптада күн райы күрт салқындайды деп болжап отыр. Осы орайда, Ұлытау облысындағы тілшімізге халықты алаңдатып отырған Жезқазған жылу электр орталығына барып, стратегиялық нысанның қысқа дайындығын көруге мүмкіндік туды. Аталған орталық 2 ай бұрын жылу маусымына 3 қазандықпен кіріскен еді. Қазір не өзгерді? Оны әріптесім Айзада Оразхан айтып берсін.