Былтыр қыстан қысылып шыққан ұлытаулық коммуналшылар биыл автопаркін жаңартты. Техниканың тозуынан әрі тапшылығынан өткен жылы жолдар уақытылы тазаланбады. Салдарынан жүріп-қатынау қиындаған. Осы олқылық қайталанбас үшін апаттық-құтқару және коммуналдық қамтамасыз ету қызметтеріннің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.