Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ақжолтай жаңалықпен құттықтады. 20 млн-шы сәбилер еліміздің 5 аймағында , атап айтсақ Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың 3-і ұл, 2 қыз бала. Ұлытаулық Томирис Сұңғатқызы14-ші қарашада сағат 8-ден 10 минут кеткенде дүниеге келген. Анасы мен сәбиді алғашқылардың бірі болып біздің сол өңірдегі тілшіміз Айзада Оразхан құттықтады.