Жезқазған облыс орталығы мәртебесіне ие болғалы құрылыс тамырына қан жүгіріп, аула-көшелерді абаттандыру, жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Ширек ғасырда дамуы тежелген шаһарды қалыпқа келтіру үшін республика мен облыс қазынасы көмекке келді. Бюджеттен бұрын-сонды бөлінбеген қаражатқа жылу, су, кәріз желілері жаңаланды. Жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдарға асфальт төселді. Осы жұмыстардың орындалу барысын облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы рейд барысында пысықтап қайтты.