Қарағанды облысында 57 нысанның құрылысы қарқын алды. «Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 282 мың шаршы метрден астам тұрғын үй және әлеуметтік маңызы бар объектілер пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстары туралы брифингте талқыланды.