Балғындарға қуаныш сыйлау мақсатында Балқаш қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығында көңілді концерт өтті. Мәдени-сауық орталығының өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, қуыршақ театры көрініс қойып, өрендер шаттық сыйлады. Шат-шадыман күйге бөленген оңалту орталығының балалары да көрермен үшін арнайы флешмоб билеп, ән салды.