Қарағанды облысының әкімі «Мұрагер» зияткерлік мектебінде өңірдің дарынды балаларымен кездесті. Оқушылар Ермағанбет Бөлекпаевпен түрлі тақырыпта әңгіме құрды. Оқушылар өздерінің жетістіктерін де айтты. Айта кету керек, Қарағанды облысында ел Президентінің білім беруді дамыту саласындағы міндеттері белсенді түрде іске асырылуда және дарынды балаларды қолдау бойынша жобалар енгізілуде.