Қыс келгенде өркениеттен қол үзетін ауыл. Қар түссе болды, Ұлытау облысына қарасты Ақтас елді мекеніне барып-қатынау қиындайды. Жағдай көктемде, ауыл сыртындағы сайға жиналған қар суы тасыған шақта ушыға түседі. Жергілікті тұрғындар өмірін тәуекел етіп, ағын суды ауыр техникамен жүріп өтуге мәжбүр. Қар жауса, алыс-беріс пен барыс-келістен қалатын ақтастықтардың жанайқайы жайлы өңірдегі тілшіміз Айзада Оразхан тарқатып айтсын.