Шет ауданында ең көп тазы асырайтын елді-мекен бар. Кеншоқы ауылындағы құмайлардың саны қазір 150-ден асқан. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі саятшылар дәл осы ауылға келіп құмай тазының тұқымын алады екен. Ал ауыл жастары әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, бекзада өнерді насихаттап келеді.