Балқаш қаласының мәдениеті өрлеп, рухы төрлеп келеді. Былтыр ғана елге есігін айқара ашқан шертпе күй шебері Мағауия Хамзин атындағы музей-кабинет - жас ұрпақтың өлмес өнеге мен танымдық тағылым алатын орнына айналды. Мұражайдағы кез –келген жәдігер дәулескер күйшінің өмір жолынан сыр шертеді.