Ақтоғай ауданы орталығындағы Күләш Байсейітова атындағы тірек-мектебі ресурстық орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталды. Бұл мақсатта «Қазақстан халқына» және білім саласын дамыту тұрақты қорлары тарапынан 250 миллион теңге қаржы бөлінген. Іске асып, қолданысқа енгізілген ілкімді жобаны облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов бастаған делегация құрамы арнайы барып көрді. Тілшіміз Сейітқали Әшім тарқатады