Қаладағы «Монако» тұрғын үй кешенінің халқы 3 күннен бері жылусыз отыр. Тұрғындар жертөлеге судың қайдан келіп жатқанын түсінбей әлек. Ал әкімдік келіп, қарап көргенмен де мәселе шешілмеген. Түйткілді проблеманың түйінін табу үшін  бұқара біздің «Сарыарқа» телеарнасының жедел желісіне хабарласты. Жағдайды тілшіміз Жаннұр Сүндетуллақызы көріп қайтты.