Алматы қаласындағы оқушылар сарайында  «Бала дауысы» байқауы аяқталды. Ұлттық балалар өнер сайысының 7 маусымы қорытындыланды. Бұл додада төрт мың қатысушының ішінен қарағандылық жерлесіміз, жас әнші Ислам Көшенов үшінші орынға ие болды. Тілші тарқатады.