«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарағанды қалалық орталық мәдениет және демалыс саябағында 100-ге жуық құс ұясы ілінді. Оны облыс орталығындағы мектептердің оқушылары өз қолдарымен жасады.