Биыл қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Шығыстың шынарының мерейтойына арналған алғашқы шара Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде өтті. Батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді. Өшпес тарих, ерен ерлікті еске алған шара жайлы тілші баяндайды.