«Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде Балқаш қаласындағы білім саласының мамандары да өз белсенділіктерін байқатты. «Жасыл аймақ» апталығының аясында Бектауата шатқалындағы «Жас қанат» лагерінің аумағы тазартылды.Шараға қаламыздың білім бөлімі мен Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының қызметкерлері жалпы 25 адам қатысты.Олар терек, шетен, үйеңкі сынды 20 көшет екті.Сондай-ақ ағаштарды әктеп, қурағандарын қырқып, арық қазылды.Жалып аумаққа 50 ағаш егіледі деп жоспарлануда.