Бейбіт Хасенов Жаңарқа ауданы Атасу станциясында дүниеге келген. Өресі биік жан мектепті де үздікке тәмамдайды. Ақмола қаласындағы ауылшаруашылығы институтына түсіп, мал дәрігері мамандығы бойынша жоғары білім алып шығады. Жалынды шағында жұмысын адал атқарып,еселі еңбегі еленеді. Орда бұзар отыз алты жасында «Ералиев» ауылдық окургінің директоры болады.
Ел ағасы ұлттық спорттың жандануына біршама қолдау көрсетуде. Ондаған ауылдарда көкпар алаңдарын салдырып, сайыстар ұйымдастыруда. Арландай тарландай жігіттердің аламан бәйгелерде томағасынының сыпырылуында тынбай тер төгуде.Тоғыз жыл Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары міндетін де мүлтіксіз, кіршіксіз атқарды. Сырласы әрі мұңдас досы Әбдіманап Бейсенбаев да азаматтың парасаттылығын ерекше бағалайды. Кішкентайынан тайдай тебісіп өскен досы құрметті теміржолшы орамды ойларын былайша орағытты.
Киелі өлке топырағы ұланының бойындағы асқақ рухын кернетпей, өнерге құштар қылмай қоймады.Тума талант иесі бала күнінен Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тұщынып тыңдап қанаттанады.Оның орындауындағы «Қазақтың дастарханы» және Төлеубай Ермековтың «Атасуым Ауылым» әндері тыңдарманнан өз бағасын баяғыда алып үлгерген. Бейбіт Хасенов гитара тартып, домбыра шертуді сүйікті ісіне балайды.Талай мәрте республикалық, облыстық байқауларда жүзден жүйрік шыққан.
Бейбіт аға мен Күліш аже алтын асықтай екі ұлмен күміс қасықтай екі қызды мәпелеп өсірді. Балаларын құтты орындарына қондырып немер мен шөбернің қызықтарына бөленуде.Атасының жолын жалғаған ұрпақтары да өнерден құр алақан емес.
Жанбота РАХМЕТУЛЛА