Осы жолы Әзірбайжан Республикасының халық әндері Шалқыма концерт залында әуелете шырқалды.Бұл шығармаларды оркестрдің сүйемелдеуімен арнайы шақырылған қонақ Ильхам Назаров орындады.

Ильхам Назаров Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі

Қарағандыға осымен үшінші рет келуім.Осы қаланы қатты жақсы көремін.Мен Итальияда болдым.Қазақ ұлтын жақсы көремін.Осында ұшып келгенде Батыржан Смақов есімді досымды кезіктірдім.Өте қуаныштымын. Оркестрмен ән айту маған қатты ұнайды. 

Фикрет Әміровтің -100 жылдығына арналған концертте  композитор Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай» Фикрат Әміровтің «Гүлстан Баяты-Шираз», «Әзірбайжан елдері» атты   бірнеше әндер  орындалды.Оны  Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің симфониялық оркестрі сүйемелдеді.

Петр ГРИБАНОВ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , дирижер

Фикрет Әміров ол, Әзірбайжан мәдениетінің қайталанбас дара тұлғасы.Оның 100 жылдығын атап өтпеу мүмкін емес.Үлкен композитор.Тарихи өнердің дара тұлғасы.Зиялы қауым өкілдері оның шығармашылығына құрметпен қарайды 

 «Намыс» Әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Қазақстан Халқы ассамблеясына мүшесі Гюлага Рзаев осы шараның өтуіне себепке болды.  

Гюлага РЗАЕВ «Намыс» Әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы, ҚХА мүшесі

Бәріңізге Әзербайжан халқының атынан біздің үлкен мейрамымыз «Алғыс айту» күнімен құттықтаймын.Бәріңізге денсаулық,бас аманшылық тілеймін.Бір Алла тағала өз отанымызға тыныштық берсін.Қазақстанымыз жасай берсін

Дүйсен ҚАСЕИНОВ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы

Біздің Мұқан Төлебаев, Еркеғали Рахмадиев тағы басқалары үлкен тұлға болған адамдар.ол кездерде бір-бірін қолдап біздің республикада бір-бірінің музыкасын орындатып жүрді.Соны жалғастырып жүрмін.Міне, бүгінгі концерт Еркеғали Рахмадиевтің шығармасымен  басталды.Олардың достықтарының дәлелі болды.Олар Мәскеуде, Алматыда тіпті басқа  жерлерде өтетін пленумдарда бір-бірінің музыкасын тыңдап, бір-біріне көмектесіп жүрді.Музыкаларын әлемде мойындатқан тұлғалар

Түрксой халықаралық ұйымының төрағасы Дүйсен Қасеинов  Ильхам Назаров пен белгілі дирижер  Петр Грибановтарға Түрсой ұйымы атынан естелік медальдер табыстады.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар