Облыстағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция мен Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері сақтықты күшейту режиміне көшірілді. Блок бекеттерде тәртіп сақшылары мен сарбаздар  тәулік бойы тыныштықты күзетуде. Естеріңізге сала кетейік, ТЖ режимін жариялау кезеңінде полиция бөлімдеріне 128 адам жеткізілді. "ТЖ режимін бұзу"бабы бойынша 86 тәртіп бұзушылық анықталды. Оларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.Өңір басшысы полиция департаментінің жеке құрамына үйлесімді жұмысы және қызметтік борышын орындау кезіндегі табандылығы үшін алғысын білдірді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Полицейлер мен әскери қызметшілер үлгілі тәртіпті, батылдық пен ұйымшылдықты көрсетті.Сіздер өте жауапты міндет атқарып – қоғамдық тәртіпті сақтайсыздар.Біз сіздерді мақтан тұтамыз.Дендеріңізге саулық,отбастарыңызға амандық тілейміз.

Қазір Қарағанды облысының полицейлері өңірдегі төтенше жағдай режимін бұзушыларды анықтау бойынша қарқынды жұмыс істеуде.Тәртіп сақшылары тұрғындардан қандай да бір күдікті жағдай орын алса,102 нөміріне хабарласуларын  сұрайды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар