Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ жеке тұлғаларға өз қызметтерін төлеу мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұлдарды есептемейді. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ пайдаланушыларына iD TV және TV+ цифрлық телевизия сервистері интернетке қосылмаған консольдерде және tv.telecom.kz сайтында қолжетімді. Қазіргі уақытта сервисті қазақстандық телеарналар ретрансляциялайды. Кейінірек TV + сервисі ұялы байланыс операторларының желілерінде қолжетімді болады. 31 қаңтарға дейін абоненттерге қосымша ақысыз қалааралық қоңыраулар, сондай-ақ тіркелген қалалық телефоннан ҚР ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне 1000 минут беріледі.
Сондай-ақ, Beeline Kazakhstan отандық телеарналар мен ойын-сауық контентін көруге мүмкіндік беретін BeeTV сервисіне қолжетімділікті ашты. Beeline мобильді қосымшасында соңғы жаңалықтарды «Мемлекеттік жаңалықтар» айдарында интернетсіз көруге болады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Beeline, Kcell, Activ, Tele-2, Altel байланыс операторлары барлық абоненттерге 200 SMS және 300 минутты тегін қосты.
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар