Ағымдағы жылы Балқаш қаласында атқарылатын іс пен болашаққа бекітілген жоспар көп. Ал мысты шаһарды жарықтандыру мәселесі оң жолға қойылған. Бір ғана мысал, биыл өңірдегі гүлзарлар мен аллеяларға 200 жарықшам орнатылады. Әзірге жоспарлы жұмыстың 50 пайызын жауапты компания сапалы атқарып үлгеріпті. Мұндағы «Хайтек» шамдары қазыналы қалаға сән беретін сәулетімен ерекшеленеді. Әрі электр энергиясын үнемдейді екен.

Нұржас ЖӘКІТАЙ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

-Жарық шамдарын күтіп ұстау бағдарламасы бойынша  120 жарық тіректері орнатылады.Қоңырат ықшам ауданы мен қала көшелеріде жарықтандыралытын болады.Екі мердігер ұйым жұмысты өте сапалы жасап жатыр.Тиісті тараптар жұмысты тексеріп,қадағалап отырады.

Қос мердігерлік ұйым жарық бағаналары мен шамдарын кестеден кешеуілдемей орнатып жатыр, - дейді жауаптылар. Ал, Балқаш қаласының тұрғыны Азиза Құрметова айрықша шамдар шаһардың шырайын, аллеяның ажарын ашып тұрғанын айтады.

Азиза ҚҰРМЕТОВА, Балқаш қаласының тұрғыны:

-Кешкілік серуендегенде аллея жап-жарық болып тұрады.Қаламыз күннен –күнге көркейіп келе жатыр.Бүгінде Балқаш әсем қалаға айналды.

Шаһардың кіреберісі мен 3 көшесіне жарықшамдар қойылыпты. Бұған қоса өңірдегі аса қажетті орындарға 100-ден астам жарық бағаналары бекітіледі. Жалпы Балқаш қаласы бойынша межелі міндетті жүзеге асыру үшін қалалық қазынадан 30 миллион теңге қарастырылған. Сәтін салса, жоспарлы жұмыстардың нақты нүктесін жауапты компания тамыз айында қояды деп күтілуде.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар