Қарағандыдағы ескі үйлер тұрғындары пәтер иелері коперативі жұмысына көңілдері толмайтынын айтады. Сондықтан мүлік иелері бірлестігі құрылғанын қалайды. Алайда оны басқаруға қомақты қаражат қажет. Сондықтан тұрғын үй инспекциясы бөлімі тариф әзірледі.Онда төлемнің 70% - ы жұмсалады. Бұған жертөле үй-жайларын дезинфекциялау және инженерлік жүйелерді жылыту маусымына дайындау, үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, оларға қызмет көрсету кіреді.
Берекет ЖАЙНАЗАРОВ, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
-Кондоминиум объектісін басқаруға 30% - дан артық емес. Бұл біріншіден бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізгені үшін еңбекақы; екіншіден атқарушы органға кондоминиум объектісін басқарғаны үшін еңбекақы.Үшіншілен бюджетке міндетті төлемдер.Төртіншіден банк қызметтері.Бесіншіден есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін ақы төлеу. Алтыншыдан кеңсені жалға алу,кеңсе тауарлары).
Тариф мәселесі бірнеше рет қаралды. Мамандардың есебі бойынша, ең төменгі тариф бір шаршы метр үшін 32 теңге 73 тиынды құрайды. Алайда, халық қалаулылары облыс орталығының көптеген тұрғындары үшін мұндай соманы төлеу қиынға соғады деп есептейді. Сондықтан қайта есептеліп, 26 теңге 14 тиынға бекітілді.
Борис ЗОРИН, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:
-Пәтер иелері коперативі тікелей халықпен жұмыс істеуі тиіс. Біз адамдарға қалай шығамыз?. Себебі бұл әр адамға, әр отбасына, әр үйге қатысты. Егер үйде бұл жұмыстың нысаны ұйымдастырылмаса, үй толығымен құлдырайды. Кім оған жауап беретін болады? Қысқы кезеңге қосу, шатырларды жөндеу жұмыстары бар.
Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:
-Бүгінгі таңда арналарда, баспа БАҚ - та, әлеуметтік желілерде айтылып жүр. Мұнда аудан әкімінің екі аппараты мен тұрғын үй инспекциясы бөлімі бірлесіп жұмыс істеуі керек. Өйткені, сіз бүгін Азаматтарға ось деген не екенін жеткізуге міндеттісіз. Әлі күнге дейін көптеген адамдар тіпті түсінбейді. Мен бұған көз жеткіздім. Берекет Жанәбіловұлымен Михайловкаға бардым.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға бірқатар ұсынымдар жолданды. Айта кеткен жөн, мүлік иелері бірлестігін құрмас бұрын қарапайым халықпен және тұрғындармен ақылдасып, кеңескен жөн.Өйткені тіпті кейбір тұрғындар мүлік иелері бірлестігінің не екенінде білмейді. Ал тұрғын үй инспекциясы бөлімі аудан әкімдерімен тығыз байланыста болуы керек.-,дейді депутаттар.
Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар