Жаңа қылмыстық іс жүргізу моделі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілі қашанда маңызды. Осы бағытта іске кіріскен Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы қылмыстық сот төрелігінің жаңа моделі туралы айтып, оқиға болған жерді қарау бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.  Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов «Қылмыстық сот төрелігінің жаңа моделі полиция, прокуратура мен сот арасындағы жұмысты жандандырарына сенімді. Жаңа процедура енгізіле бастағаннан бері 76 мыңнан астам процессуалдық шешімдер прокурорлармен келісіліп, 30 мың іс тоқтатылған. Сотқа дейінгі тергеу органдарының қызметін жетілдірудің тағы бір бағыты - әйел тергеушілердің мамандандырылуын енгізу.

Санжар ӘДІЛОВ,  ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:

- Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру және соттың сот төрелігін жүзеге асыру сапасы өзекті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев   Жолдауында тепе-теңдік жүйесін күшейтудің, қылмыстық іс жүргізудің үш деңгейлі моделін енгізуді тапсырды. Қазіргі таңда жобалық үлгіде іске асқан бұл өзгеріс оң нәтиже беруде.

Ділнәз ДӘУРЕНБЕКОВА,    Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-дың студенті:

-Әйел тергеушілер жөніндегі өзгеріс өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, әйел адамдар жасөспірімдермен жақсы тілдесіп, жақсы байланыс орната алады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар