Әлиев Қайрат Қайырұлы, аға телеоператор
1961 жылдың 13 қарашасында Қарағанды қаласында туған. 1983 жылдан Қарағанды телерадиоорталығында жарық қоюшы, 1984 жылы телеоператор ассистенті, 1986 жылы телеоператор, 2001-2002 жылдары «КТК» телеарнасының тілшілер пунктінде телеоператор, 2002-2006 жылдары «ТВК» телеарнасында бас телеоператор, 2006 жылы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында аға телеоператор қызметінде. Облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығының иегері. «Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.