«Қара ормамал» поэмасын сахналауға «Іңкәр» эксперименталдық жастар театры 4 ай көлемінде дайындалыпты. Бұл театрдың алғашқы қойылымы. Жас буынның санасына өткен тарихты жеткізу мақсатында жас ұжымның жетекшісі, Сәкен Сейфуллин театрының белді әртісі Бекмұхамед Киікбаев шығармашылық жастардың басын қосып, осындай тағылымдық мәні зор дүниені дайындады.
«Қара орамал» поэма-реквиемі казақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайдың шығармасы. Кеншілер мәдениет сарайы жанынан құралған жастар театрының әртістері бұл шығарманы сәтті сахналауға бар ынта жігерлерін салған екен. Бүгінде бұл орталықта студенттерден құралған 15 жас бар. Құрылғанына аз уақыт болса да жастар әртістік шеберліктің қыр-сырын меңгеріп қалыпты. Оны қойылым барысында дәлелдеді.
Лейла НҰРҒАЛИЕВА