«Мұғалім, тәлімгер, дос». Осы үш ұғым бір-бірімен үндескенде сапалы білім болады, дейді   конференцияда шеберлігімен бөліскен  Гүлжан Оразғұлова. Биыл 70 жасқа толған ұлағатты  ұстаз кәсіби педагок. 50 жылдық еңбек өтілінде ауыл мен қала мектебінде, білім беру бөлімдерімен басқарма басшылығында да қызмет атқарған. Сондықтан оқу ағартушылық саласы беске біледі. Жас мамандарға айтар ақылы да жетерлік.

Гүлжан ОРАЗҒҰЛОВА, ҚР білім саласының құрметті қызметкері:

-Жас мұғалімдерге айтатыным, жұмысты жақсы істеу керек, пәнді білу керек, іс тәжірбиелерін көтеру керек, балаларды жақсы көру керек. Баллар ата аналар мұғалім бәрі бірге болу керек.

ҚР Президенті биылғы Жолауында дарынды балаларды қолдау керектігіне ерекше екпін қойды. Бұл бағытта елімізде республикалық «Дарын» ғылыми тәжірбиелік орталық жұмыс жасайды. Олар барлық облыстағы алғыр оқушыларға арнап пәндік олимпиядалар ұйымдастарады. Халықаралық білім додасына дайындап, әр талапкердің тегін түрде баруына жағдай жасайды. Бұған мемлекетен тиісті қаржы бөлінеді.

Шолпан КЕРЕБАЕВА, «Дарын» республикалық ғылыми тәжірибелік орталығы директорының орынбасары:

-Дүние жүзінде белгілі 6 халықаралық олимпиада бар. Біздің балалар 1998 жылы барғанда тек 50 ші орында болатын. Қазір 20 шы орындамыз Бұл өте жақсы.

Қарағанды облысының дарынды балалары республика бойынша алғашқы бестіктің көшбасында тұр. Облыстық білім беру басқармасының басшысы конференция барысында аймақтағы ұстаздарға жағымды жаңалықтармен бөлісті. Енді облыста «Мектеп Интернат Колледж» жобасы жүзеге асырылмақшы.

Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

-Ол енді Жолдуда Қасым Жомарт Тоқаев айтқандай, бүгінгі ауыл мектебінің сапасын көтеру, қалалық мектептердің сапасына жеткізу. Нит балаларды болдырмау. Осы жоба бойынша жұмыстар істеліп жатыр.

Конференция ТЕД форматында өткендіктен педагоктар білім саласындағы сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын ала алды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар