Негізгі Жаңалықтар КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА 120 БАСПАНА

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА 120 БАСПАНА

Осыдан 10 жыл бұрын Елбасы Жезқазған қаласына келгенде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәселе көтерген. Содан бері қазақмыс корпарациясыда бірсыпыра жұмыс атқарды. Енді міне жүйелі жұмыс жалғасуда Алдағы уақытта 120 баспана сатып алынады, 46 отбасы биыл қоныс тойын тойлайды.

Эдуард ОГАЙ, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы:

-Мемарандум аясында мүгедек балаларға көмек көрсету қаралған. Өндіріс кезінде қаза болғандардың жанұясына көмек көрсетіледі. Мүгедек жандарды жұмысқа аламыз. Осылайша біз осы қалада 2000 отбасын жұмыспен қамтимыз.

Баспана кілті тек жезқазғандықтарға ғана емес, Сәтпаев қаласында5ы  «Қазақмыста»  корпорациясының өндірістерінде  жұмыс істейтін тұрғындарына да беріледі.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Көп балалы отбасылардың басты проблемасы ол баспана. Облыс бойынша 1206- отбасының басында баспанасы жоқ. Олар әлі кезекте тұр.

Мемарандумға қол қойған сәттен бастап 10 отбасы баспана кілтін алды. Облыс әкімімен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жаңа пәтер алған  отбасылардың үйіне  барып жағдаймен танысты.

Бердібек САПАРБАЕВ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Халықтың жағдайын әсіресе тезірек жақсартуға болады, егер осылай билік пен бизнес өкілдері бірлесіп жұмыс жүргізсе. Бұл соның айқын куәсі.

Биылғы жылдың соңына дейін Қарағанды облысында 560 отбасы баспаналы болады деп күтілуде.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Бөлісу