Халықаралық қаржы орталығының мамандары жергілікті кәсіпкерлерді бірлесіп жұмыс істеуге шақыруда. Мамандар халықаралық қаржы орталығының  жұмысымен таныстырып, артықшылықтары жайлы айтып берді.  Қаржы институтының қатысушысы болуға шақырды.

Халықаралық инвесторлар апталығы аясында қаржы орталығының өкілдері  еліміздің басқа да шаһарларында семинар ұйымдастыруда.  Астана, Алматы, Атырау, Шымкент қалаларында алты команда жұмыс істеуде.  Қаржы институтының мамандары облыс орталығының ЖОО-ында студент жастармен де кездесті. Қызығушылық танытқан студенттер бизнес сауаттылықты арттыру  курстарынан өтіп, сертификатқа қол жеткізе алады.   

Жайна СҰЛТАНОВА,  халықаралық қаржы орталығының менеджері:

-Қарағандының жастары өте ақылды, дарынды. Сондықтан  олар бізге жаңа идеялар мен қызықты материалдар ұсынады деген ойдамыз. Тек еліміз үшін ғана емес халықаралық дәрежеде шығаруға болатын жобалар күтеміз.

Айта кету керек, «Астана» халықаралық қаржы орталығы елбасының бастамасымен биылғы  жылы Астана күнінің туған күнінде ашылған болатын. Орталық 2017 жылы өткен ЭКСПО көрмесіне салынған ғимараттарда орналасқан.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар