Деректі фильмнің сценаристі мен режиссері ұлы бидің мемлекетшіл тұлғасын фильм арқылы терең көрсетуге тырысқан. Мұнда ел аузындағы аңыздар мен Ресей және Қытай мұрағаттарында сақталған жазба деректер бойынша, Қазыбек бидің өмірі мен қызметін кино тілінде жеткізіпті. Тарихи құжаттармен қатар, қойылымдық сахналар енгізілген бұл фильмге еліміздің театр және кино актерлері түскен. Қазыбек бидің рөлін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, Керей хан рөлімен қалың көрерменге танылған жерлесіміз Қайрат Кемалов сомдады.
Ерлан ТӨЛЕУТАЙ өнертанушы, фильмнің тең режиссері
30 актер қатысты. Енді 60 адам жұмыс істеді, бұл фильмде. Бір жарым ай жұмыс істеп, соны шығардық. «Қазақфильмнің» мықты мамандары, барлығы, актерлар жана көрдіңіздер. Үлкен актерлар қатысты.
Сонымен қатар, фильмде – Қазыбек бидің ұрпағы, белгілі қоғам қайраткері, антиядролық қозғалыстың белсенді мүшесі, суретші Кəріпбек Күйіков бой көрсеткен. Қоюшы режиссерінің айтуынша, түсірілім барысында суретшінің асқақ рухы мен тағдыры және өмірге деген құлшынысы ерекше әсер еткен.
Марс УМАРОВ, қоюшы оператор
Осыған дейін, мен қаншама кинокартиналар түсірдім. Бірақ, осы фильмде ма,ан ерекше әсер еткен жан бар. Ол Кәріпбек. Мен оның өмірге деген құлшынысы мен рухына, махаббатына таң қалдым. Екі қолым жоқ деп, ешкімге де қарап отырған жоқ. Жігерінің мықтылығы сонша, аяқпен сурет салып, барша қазақ жұртын, тіпті шет елдерді өзіне қаратып жүр. Осы түсірілімнен кейін мен осындай жандарға үлкен құрметпен қарайтын болдым.
Кәріпбек КҮЙІКОВ, суретші
Фильм маған өте қатты әсер етті. Түсірілімі, сценариі керемет. Жалпы шығармашылық топтың жоғары деңгейде жұмыс жасағандары көрініп тұр. Жана көріп отырғанда ерекше бір толқыныста отырдым, бір жағынан бұл туынды мен үшін мақтаныш болды. Себебі, менің ата-бабам жайлы терең зерттеп, менің өмірімді сабақтастыра отырып жасалған дүние. Тамаша.
Сондай-ақ, фильм барысында Қазыбек бидің не себепті «Қаздауысты» аталғандығы айтылады. Кеменгер би 1764 жылы ақпан айында қайтыс болғанда қыс қаһарлы, қар қалың болуын байланысты оны киелі Түркістанға апару мүмкін болмаған. Сондықтан Жер аяғы кеңігенше балалары Бекболат пен Едіге, Ұлы тұлғаның мәйітін сөреде сақтай тұруды ұйғарған. Осының барлығы фильмнің желісінде терең суреттелген. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілген, бұл фильмнің тұсаукесерін облыс әкімі Ерлан Қошанов арнайы келіп тамашалады. Келешек ұрпаққа өнеге болар туындыны көрермендер жоғары бағалады. Бір айдың ішінде шығармашылық топ 8 мың шақырымнан аса жол жүріпті. Туынды Павлодар, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысында түсірілген. Алдағы уақытта «Қаздауысты...би» деректі фильмі еліміздің барлық телеарналарында көрермен назарына ұсынылатын болады.
Анар ҚАНАТҚЫЗЫ